Нарын-Сырдария

Өзен әлеміне қош келдіңіздер! Біздің сайтта Сізді өзендегі ескі достармен кездесуге және оларды басқа қырынан көруге шақырамыз!

mainmap-2.jpg

Нарын және Сырдария өзендері Орталық Азиядағы ең үлкен өзендердің қатарына жатады.

Өзен Тянь-Шань мұздықтарынан бастау алып, таулы жайылымдар, ірі бөгеттер, ауылшаруашылық оазистер, ежелгі қалалар, жартылай шөлдер арқылы 3000 шақырым ағып Арал теңізіне құяды. Нарын-Сырдария сулары Орта Азия халықтарының жартысына жуығын егін шаруашылығын сумен қамтамасыз ету және электр қуатын өндіру арқылы асырап отыр. Дегенмен, өзен бойындағы көптеген елді мекендер судың тапшылығына немесе оның сапасына шағымданады.

Бұл көрмені қырғыз-өзбек-неміс антропологтар тобы көпшіліктің назарын өзеннің жиі көлеңкеде қалатын әлеуметтік аспектілеріне назар аудару мақсатында жасады.

Бұл интернет көрме өзеннің үш оқиғасын зерттеуге мүмкіндік береді: 1) адамдардың өзенмен өзара әрекеттесуі, 2) басқа тіршілік иелерінің қоршаған ортамен өзара әрекеті және 3) қоғамның қиялында жүрген өзеннің баламалы көріністері. Бұл оқиғалар Нарын-Сырдария өзенінің сағасынан өзен атырауына дейін бес жерде қиылысады.

Адамдар мен басқа тіршілік иелерінің өзенмен өзара арақатынасы бір-бірімен тығыз байланысты. Осы өзара әрекеттесуге біздің назарымызды аудара отырып, біз өзеннің қаншалықты өзгергенін, өзеннің қандай болашағына бет алып бара жатқанымызды және қандай болашақтан қорқатынымызды түсінуге болады. Көрмеде көрсетілген өзеннің жасырын тұстарын ашу, бізге трансшекаралық өзенмен және бір-бірімізбен өзара әрекеттесудің жаңа тәсілдерін табуға көмектеседі. Бұл онлайн көрме 2019 жылы Нарында өткен «тірі» көрме негізінде құрылды және біздің топтың аймақта жүргізген зерттеу нәтижелерімен толықтырылды. Бұл көрменің негізі әлеуметтік ғылымдардың зерттеулерінен шығады, сондықтан ақпарат таратуға, осы өзендерге қатысты қоғамдық пікірталастарды ынталандыруға бағытталған. Аталмыш зерттеулер туралы ақпаратты Сіз осы жерден оқи аласыз.

Сізге виртуалды саяхат ұнайды деп үміттенеміз! Facebook және Instagram әлеуметтік желілерінде өз пікірлеріңізбен бөлісе аласыздар.