Category Archives: Альтернатива

Альтернатива, Нарын, Шығу тегі 2019

2350 жылы Нарындағы кешкі ас, 2019 жыл

Жанн Фео де ла Крoа, Динара Каныбек кызы, Айдай Максатбекова, Дениз Назарова, Зулайка Эсентаева

Инсталляция (Кешкі астың қайта жасалған фотосуреті)

2548 жыл. Археология ғылымының докторлары Айдай Максатбекова, Жанн Фео де ла Круа, Дениз Назарова, Динара Каныбек кызы и Зуля Эсентаева сенсациялық жаңалық тапты.

Олар ежелгі Нарыннан 2350 жылмен мерзімделетін пластикалық ғасырдың жәдігерлерін тапты. Ғалымдардың пікірінше бұл жәдігерлер ата-бабаларымыз тұтынған пластикалық тағамның қалдықтарынан тұрады. Адамдар белгісіз себептермен үйлерін тастап кеткен, ал дастархандағы тағам сақталып қалған.

Бұл өтпелі кезең болды, бай адамдар қоршаған ортада жинақталған пластикті сіңіру үшін асқазанды өзгертетін операцияларға қаражат сала бастады, себебі экологиялық көріністер олардың арасында танымал болды. Зерттеушілердің пікірінше, органикалық тағам тұтыну – бұл адамның жалпыға бірдей құқығы екенін дәлелдейтін, сол уақыттағы жүйеге қарсы қозғалыс жүрген. Бірақ 2400 жылға дейін барлық адамдар ота жасатып, пластикалық тағамды өңдейтін асқазан алуға мүмкіндік алған.

Альтернатива, Шығу тегі 2019

Бәйтерек, 2019 жыл

Айбек Самаков, Зуля Есентаева, Нарынбек Қазыбеков, Динара Қаныбек кызы

Инсталляция

Қамыстың қалың бұталары Сырдария өзеннің атырабында, каналдар мен суару арналарында да кездеседі. Қамыс – жергілікті халықтың экономикалық жағдайында және шаруалығында да маңызды рөл атқарады. Жергілікті диалектте «пішен» деп аталатын жазғы қамыс малға жем ретінде қолданылады. Ал «Пашын» немесе «Шом» деп аталатын қысқы қамысты құрылыста қолданады. Үйлердің қабырғалары пашынмен толтырылады, ал тығыз қатарға салынған пашын байламдары керемет қоршау ретінде қызмет етеді. 

Қазіргі уақытта қысқы қамысты «ескі» немесе «заманауи емес» құрылыс материалы ретінде қабылдайтындар саны артуда. Мысалы, пашынмен тұрғызылған үйлерді банктер несиеге кепілдікке алмайды. Көпшілігі үйді күйдірілген кірпіштен және қоршауларды металл материалдармен тұрғыза бастаған. Мұндай өзгерістер «даму процесі» ретінде қабылданады, дегенмен дамыған елдерде экологиялық таза материалдардан салынған үйлер (мысалы, қамыс сияқты), кірпіштен немесе металл материалдардан салынған үйлермен салыстырғанда бағалы саналады. Біз, қамыстың бумасынан тәуелсіз Қазақстанның дамуының нышандарының символы болып табылатын «Байтерек» жасай отырып, қамыс құрылыс материалы болашақта лайық бағаланады деген ойды жеткізуге тырыстық.

baiterekup-1024x682-1.jpg
Альтернатива, Ходженд, Шығу тегі 2019

Бөгде адамдарға кіруге тыйым салынған, 2019 жыл

Мохира Суяркулова, Назик Абылгазиева, Алтын Капалова, Оксана Капишникова, Айдай Максатбекова, Лия Созашвили, Ольга Щетинина, Зуля Эсентаева
Коллаждар

Мохира Суяркулованың пікірінше Ходжендтегі қалалық демалыс жағалауында және Қайраққұм су қоймасында орналасқан «жабайы» жағалауда (қазір уақытта, «Тәжік теңізі» атауымен белгілі), Сырдың жағасында орналасқан шайханаларда нарды ойнап отырған, балық аулап немесе жүзіп жүрген ер адамдар әйел адамдармен салыстырғанда «дұрыс» қылықты көрсетпейді.

Мохираны таңқалдырғаны, демалыс жағалуында ер адамдар тек іш киіммен жүруге қысылмайды, ал әйел адамдар болса толықтай киініп жүреді. Олар (әйелдер) жүзуді білмейді. Мохира жағалау киімін киюге ұялып, сыртқы киіммен жүзуге тырысып көрді. Сырт киім суланып, жүзуге кедергі келтірді. Әрине, әйел адамдардың жүзе алмайтыны таңқаларлық жағдай емес!


Тарихи тұрғыда суда жүзе білу немесе жузе білмеу қоғамдағы теңсіздікті көрсетеді. Көбіне әйел адамдардың ер адамдар пайдалана алатын өзен немесе өзге де суға байланысты ресурстар мен дағдыларға қолжетімділігі жоқ. Қолжетімділіктің болмауы және жүзуді білмеу әйелдер үшін жағымсыз салдарға әкелуі мүмкін.
Жалпы айтқанда, Ходжендте әйелдер өзенде жеке қалса батып кетері сөзсіз. Соғды облысында суицид жағдайы ер адамдармен салыстырғанда әйел адамдардың арасында басымдырақ. Суицидтің негізгі себебі – қыздар мен әйелдерге қатысты зорлықтың көп болуында. Аталмыш коллаждардың бұл сериясы зерттеушінің жеке далалық байқауларының негізінде «Су сиқыршылары» тобымен жасалды.