Нарындағы су: көп пе, әлде аз ба?

Бүкіл Орта Азияда елдерінде «Су – тіршілік көзі» деген ұрандарды жиі құлағымыз шалып жатады.

Қырғызстанның Нарын өзенінің бойында, көбінесе ауыз сумен қамтамасыз ету немесе суғару инфрақұрылымдарының айналасы осындай ұранды қабырғалармен безендіріліп қойған. Кейбір адамдар судың тазалығына өте мұқият қарайды және суға түкірмеңіз, жуындыны суға төкпеңіз деген нұсқаулар берсе, ал өзгелері көлігін немесе кілемдерін өзен жағасында жуып жатады. Өзенде көліктер мен кілемдердің көп жуылуы Нарынға қаншалықты әсер етеді?

(авторы Аманда Вуден, 2013)

Нарын суының 11%-ы мұздықтардың ағыны есебінен, ал 35%-на дейін еріген қардың есебінен толтырылады. Нарын өзенінің бассейніндегі мұздықтарды зерттеу нәтижесінде 507 мұздық белгіленді, олар соңғы елу жыл ішінде өз массаларының 20%-на жуығын жоғалтқан. Көптеген тұрғындар Нарынның мұздықтарында жұмыс істейтін «Құмтөр» алтын кенішіне алаңдаулы. Көбісі Давидов мұздығында қараңғы бос жыныстар мен цианид натрий қалдықтарының фотосуреттерін көрген. Ел арасында кеніштен шығарылатын судың сапасына, «жер сілкінісі болған жағдайда цианид қалдықтарының көп төгілуіне әкеп соқса, не болады?» – деген алаңдаушылық бар. Кейбір жергілікті тұрғындар мұздықтарда алтын өндірісі болмауы керек дейді. Басқалары болса осы кеніштен көп табыс тапқысы келеді.

Орталық Азияның ауыл аймақтарында құбырдан су тасу қарапайым шаруа. Бұл шаруа отбасының ең кіші мүшелеріне немесе ең төменгі мәртебелі мүшелеріне жүктеледі. Көп жағдайда су тасу келіндерге жүктеліп жатады. Мұндай су құбырлары кейіңгі кеңестік кезеңде немесе беріректе грант ақшасына орнатылған. Оларды күтіп ұстау қауымдастықтардың міндеті.

Аймақтық және жергілікті деңгейдегі су тапшылығы құрғақ климатқа байланысты емес, көбінесе сумен жабдықтау инфрақұрылымының жетіспеушілігімен және оның тозығы жеткендігімен байланысты. Сонымен қатар, құбырларды жаңалықтармен бөлісуге арналған кездесу орны ретінде қарастыруға болады. Бүгінде кейбір аудандарда су әр үйге беріліп жатыр. Бұл адамдардың көшеде кездесуі мен сөйлесу тәсілін қалай өзгертеді? Жастар мен келіндер құбырдағы байланыс платформасынан айырылып, нені жоғалтады?

Балықтардың көптігіне қарамастан, бұл Сырдария бойындағы халықтармен салыстырғанда, Нарынның жергілікті тұрғындары үшін маңызды тамақ өнімі емес. Нарын тұрғындары балықтардың бір кездері «су құрттары» деп аталып, тек аштық кезеңінде тамақ саналғанын еске түсіреді. Балық аулау – бұл көпірлердің астына жасырынған құбыжық балықтар туралы қызықты оқиғаларды ұнататын ер балалар мен ересектердің хоббиі.

Нарын қаласында өзеннің қуатты ағыны екі метрлік тосқауылдар арасынан ағып өтеді, сол себепті тек бірнеше жерде ғана аяғыңызды өзенге батыруға болады. Жылдам қозғалатын су көбіне адам өмірін алып жатады, осыған байланысты Нарын «қанды өзен» деп аталып кеткен. Сондықтан қала тұрғындары көбінесе өзенге назар аудармайды. Өзен бойында Орталық Азияның басқа қалаларында сияқты, мысалы, Худжандта, салқын жағалауы жоқ. Өзенге жақын орналасқан үйлердің терезелері күркіреген судан аулақ болу үшін көшелерге қаратылған. Алқаптағы ауылдар таудың баурайында орналасқан, үйлер өзенге қаратылып, бірақ одан алыстау жерге салынады. Әдетте бұл қаланы және басқа ауылдарды өзеннің кері әсерінен қорғайды. Алайда, 2016 жылы бүкіл бақылаулар тарихындағы ең мықты құрғақшылықтан кейіңгі, рекордтық деңгейдегі ең ылғалды жыл болды. Жауын-шашынның көп мөлшері мен қардың еруі жолдарды да, көпірлерді де шайып жіберді. Жергілікті тұрғындар айтқандай, жолдар мен көпірлерді «өзен жұтып қойды». Сондықтан су ресурстарына бай өзен кейде жергілікті тұрғындарды кедейлендіруі мүмкін.