Category Archives: Нарын

Адам, Нарын

Қиялданған көпір өмірбаяны

1840 жылдың көктемі. Нарын бойындағы орманды алқаптар балталардың дауысына толы. Ер адамдар етік киіп, қырық метрлік Тянь-Шань шыршаларын кесіп жатыр. Олар бөренелерді өзенге апарып, қабығын аршып алады. Үлкен бөренелер күз бен қыс бойы кебеді. Нарын өзені қатқан кезде ер адамдар қайта келіп, жегілген жылқылар арқылы өзен бойымен төменге қарай 20 шақырым жерге Торугарт асуына апаратын Ат-Башы алқабына бөренелерді тасымалдайды. Мұнда, Нарын өзенінің ең тар иінінде олар бірінен соң бірі бөренелерді көтеріп, жаңадан жол жасайды.

Қазір мен пішінге ие болып, судың үстінде созылып жатырмын. Мен жаңа керуетіме орналастым, бөренелерім арқанға бейімделіп, олар күн сәулесінде күңгірттене бастады. Менің астымдағы өзеннің қозғалысы мұздың жылжуынан басталады. Жаз мезгілі басталысымен қарлығаштар ұяларын менің қолыма салады, ал Нарын болса менің ішімді суытады. Түнде тышқандар мен егеуқұйрықтар менің бөренелерімнің үстімен жүріп, адамдар қалдырған үгінділер мен жануарларға тиелген сөмкелерден түскен дәндерді іздейді. Түйе керуендеріне енді өзеннен төмеңгі бағытта Қоқандықтардың Құртқа бекінісіне қарай (бұл жерде өзен жағасы жайылмалы орманды құрайды) 50 шақырым жүрудің қажеті жоқ.

Үркіген жануарларды айдаған керуендер мен арқылы өтеді. Егер жануарлар дүрбелеңге түссе төмендегі Нарынның толқыған суларына түсіп кетеді. Бұл көбінесе қойлар, лақтар және жылқыларда болатын жағдай. Жергілікті тұрғындар бұл өзенді «қанды өзен» дейді. Өзен бауырына алса, сені ешқашан босатпайды. Ол сені ұстап алса, ол ешқашан берілмейді. Менің бөренелерім күн сәулесіне күйіп, қақыраған қыста шытынап кетеді. Бірақ жергілікті билер Қашқардан келген сауда-саттықты қадағалап, одан пайда көре алу үшін мені әр көктемде жақсы жөндеуден өткізіп отырады.

1869 жыл. Мұнда бұрын келмеген жаңа адамдар келді. Олар форма киеді және басқа тілде сөйлейді. Жол қиындап барады, сарбаздар мен әскери адамдар алға-артқа адымдап жүр, мені бірінші рет күндіз-түні қатты күзетті. Сарбаздар бөренеден жертөлелер салып жатыр. Форма кигендердің бірі өзінің көмекшісімен менің бөренелерімді мұқият өлшеп, барлық мәліметтерді дәптерге жаза бастады. Қыстың бір күні таңертеңгі уақытта мені бөле жөнелді. Олар мені қайта құрастырып, бұл жолы тіректерді, көтеруші бөренелер мен ағаш қоршауларды нығайтты. Өзімді сергек сезіндім, маған жаңа түрім ұнайды. Енді мен ауыр арбалардың өтуіне төтеп бере аламын.

Бірте-бірте сарбаздар казармасы шағын тұрғын үйлермен және казармаға азық-түлік пен жұмыс күшін қамтамасыз ететін көшпелі киіз үйлермен қоршалып жатыр.

Мен арқылы хабаршылар үнемі жүріп өтеді және маған олар әрдайым қолдары бос емес кейіпте көрінеді. Қазір «Нарын» деп аталатын бұл жердің комендантымен аймақтағы ең ықпалды адамдар кездесуге келеді.

1916 жыл. Мен арқылы қозғалу жылдамдығы өзгеріп келеді. Мен арқылы өтуге асыққан адамдардың арасында ашу-ыза пен қорқыныш сезіледі. Олардың кейбіреулері жарақат алған, көптеген отбасылар жеке заттарымен өтіп жатыр. Олар Қытайға өтетін асу арқылы қашпақшы. Кейбіреулері бақылау бекетінде тұтқындалуда. Кейбіреулері болса өзеннен өтудің құпия және сонымен бірге қауіпті жолдарын тапқан. Көп ұзамай казармаға жаңа форма киген жаңа адамдар келді. Енді адамдарға менің арқамнан өту үшін ақы төлеудің қажеті жоқ, бірақ бақылау бекеті әлі де бар. Жаңа толқу пайда болды, бірақ сонымен бірге сенімсіздік бар, ал кейбір ескі басшылар енді менің тақтайларымды баспай жүр.

1960 жыл. Мен мұнда жүз жылдан астам уақыт болдым. Енді мені және Нарынның ортасындағы бесігімді өлшеуге келген адамдар мені қайтадан қатарға тұрғызу үшін ағаш қолданбайды. Олар темір бөрендер мен үлкен бетон плиталарын әкелген, өзенді бетон аркасымен жауып жатыр. Жолдың жанында жаяу жүргіншілерге арналған жол бар, жаныма газ құбыры мен электр желілері тартылған. Мен бұдан әрі мобильді емеспін және бұрыңғы бөренелер сияқты жөндеу оңайға соқпайды. Бірақ мен жыл сайын медициналық тексеруден өтіп тұрамын, себебі мен Қытай шекарасына қауіпсіз кіруді қамтамасыз етемін. Менің үстімнен Нарыннан шыққан қой мен жүн, май мен сүт тасыған жүк көліктері өтіп жатыр. Сол жүк көліктері асулар арқылы аяқ киіммен, сабынмен, балалар мектептеріне арналған кітаптармен және өзеннің екі жағалауындағы хрущевкаларды (1960 жылдары салынған панельді тұрғын үйлер) қоныстанған жаңа адамдармен оралып жатыр.

Балалар саны көбейді. Олар менің жанымдағы жағалауда балық аулағанды жақсы көреді, бірақ, олардың ата-аналары мұны білсе, олар ашуланып, балаларға суға бармаңдар – деп ұрсады. Кейде түн уақытында менің қоршауыма көтеріліп, менің астымдағы суға құлайтын бақытсыз адамдарды көремін.

Жасжұбайлардың видеоға түсу сәті, 2018 жылдың шілдесі.

2016 жыл. Біраз уақытқа дейін жүк машиналары темір сынықтарын тасып жүрді, бірақ бұл ағым төмендей бастады. Алайда, пластик пен электронды тауарлар, киімдерге толы гүрілдеген жүк көліктері күндіз-түні менің үстімнен өтіп жатыр. Тасымалдау контейнерлерінің құпиялары бар. Бірақ олардың ешқайсысы Нарында ашылмайды, барлығы Бішкекке барады. Қазір менің үстімнен өтіп бара жатқандардың ішіндегі ең таңқаларлығы – ашық түсті синтетикалық киімі бар, велосипедтер мен мотоциклдердегі жұптар немесе шағын топтар. Көбіне олар нарындықтармен бір тілде сөйлеспейді және үнемі айналаны суретке түсіріп жүреді. Менің бұрынғы достарым, тышқандар мен егеуқұйрықтар, керуендер жолындағы шашылған дәндерді енді жемейді, олар қазір лақтырылған балмұздақ орамаларын жалап жүреді.

Адам, Нарын

Нарындағы су: көп пе, әлде аз ба?

Бүкіл Орта Азияда елдерінде «Су – тіршілік көзі» деген ұрандарды жиі құлағымыз шалып жатады.

Қырғызстанның Нарын өзенінің бойында, көбінесе ауыз сумен қамтамасыз ету немесе суғару инфрақұрылымдарының айналасы осындай ұранды қабырғалармен безендіріліп қойған. Кейбір адамдар судың тазалығына өте мұқият қарайды және суға түкірмеңіз, жуындыны суға төкпеңіз деген нұсқаулар берсе, ал өзгелері көлігін немесе кілемдерін өзен жағасында жуып жатады. Өзенде көліктер мен кілемдердің көп жуылуы Нарынға қаншалықты әсер етеді?

(авторы Аманда Вуден, 2013)

Нарын суының 11%-ы мұздықтардың ағыны есебінен, ал 35%-на дейін еріген қардың есебінен толтырылады. Нарын өзенінің бассейніндегі мұздықтарды зерттеу нәтижесінде 507 мұздық белгіленді, олар соңғы елу жыл ішінде өз массаларының 20%-на жуығын жоғалтқан. Көптеген тұрғындар Нарынның мұздықтарында жұмыс істейтін «Құмтөр» алтын кенішіне алаңдаулы. Көбісі Давидов мұздығында қараңғы бос жыныстар мен цианид натрий қалдықтарының фотосуреттерін көрген. Ел арасында кеніштен шығарылатын судың сапасына, «жер сілкінісі болған жағдайда цианид қалдықтарының көп төгілуіне әкеп соқса, не болады?» – деген алаңдаушылық бар. Кейбір жергілікті тұрғындар мұздықтарда алтын өндірісі болмауы керек дейді. Басқалары болса осы кеніштен көп табыс тапқысы келеді.

Орталық Азияның ауыл аймақтарында құбырдан су тасу қарапайым шаруа. Бұл шаруа отбасының ең кіші мүшелеріне немесе ең төменгі мәртебелі мүшелеріне жүктеледі. Көп жағдайда су тасу келіндерге жүктеліп жатады. Мұндай су құбырлары кейіңгі кеңестік кезеңде немесе беріректе грант ақшасына орнатылған. Оларды күтіп ұстау қауымдастықтардың міндеті.

Аймақтық және жергілікті деңгейдегі су тапшылығы құрғақ климатқа байланысты емес, көбінесе сумен жабдықтау инфрақұрылымының жетіспеушілігімен және оның тозығы жеткендігімен байланысты. Сонымен қатар, құбырларды жаңалықтармен бөлісуге арналған кездесу орны ретінде қарастыруға болады. Бүгінде кейбір аудандарда су әр үйге беріліп жатыр. Бұл адамдардың көшеде кездесуі мен сөйлесу тәсілін қалай өзгертеді? Жастар мен келіндер құбырдағы байланыс платформасынан айырылып, нені жоғалтады?

Балықтардың көптігіне қарамастан, бұл Сырдария бойындағы халықтармен салыстырғанда, Нарынның жергілікті тұрғындары үшін маңызды тамақ өнімі емес. Нарын тұрғындары балықтардың бір кездері «су құрттары» деп аталып, тек аштық кезеңінде тамақ саналғанын еске түсіреді. Балық аулау – бұл көпірлердің астына жасырынған құбыжық балықтар туралы қызықты оқиғаларды ұнататын ер балалар мен ересектердің хоббиі.

Нарын қаласында өзеннің қуатты ағыны екі метрлік тосқауылдар арасынан ағып өтеді, сол себепті тек бірнеше жерде ғана аяғыңызды өзенге батыруға болады. Жылдам қозғалатын су көбіне адам өмірін алып жатады, осыған байланысты Нарын «қанды өзен» деп аталып кеткен. Сондықтан қала тұрғындары көбінесе өзенге назар аудармайды. Өзен бойында Орталық Азияның басқа қалаларында сияқты, мысалы, Худжандта, салқын жағалауы жоқ. Өзенге жақын орналасқан үйлердің терезелері күркіреген судан аулақ болу үшін көшелерге қаратылған. Алқаптағы ауылдар таудың баурайында орналасқан, үйлер өзенге қаратылып, бірақ одан алыстау жерге салынады. Әдетте бұл қаланы және басқа ауылдарды өзеннің кері әсерінен қорғайды. Алайда, 2016 жылы бүкіл бақылаулар тарихындағы ең мықты құрғақшылықтан кейіңгі, рекордтық деңгейдегі ең ылғалды жыл болды. Жауын-шашынның көп мөлшері мен қардың еруі жолдарды да, көпірлерді де шайып жіберді. Жергілікті тұрғындар айтқандай, жолдар мен көпірлерді «өзен жұтып қойды». Сондықтан су ресурстарына бай өзен кейде жергілікті тұрғындарды кедейлендіруі мүмкін.

Альтернатива, Нарын, Шығу тегі 2019

2350 жылы Нарындағы кешкі ас, 2019 жыл

Жанн Фео де ла Крoа, Динара Каныбек кызы, Айдай Максатбекова, Дениз Назарова, Зулайка Эсентаева

Инсталляция (Кешкі астың қайта жасалған фотосуреті)

2548 жыл. Археология ғылымының докторлары Айдай Максатбекова, Жанн Фео де ла Круа, Дениз Назарова, Динара Каныбек кызы и Зуля Эсентаева сенсациялық жаңалық тапты.

Олар ежелгі Нарыннан 2350 жылмен мерзімделетін пластикалық ғасырдың жәдігерлерін тапты. Ғалымдардың пікірінше бұл жәдігерлер ата-бабаларымыз тұтынған пластикалық тағамның қалдықтарынан тұрады. Адамдар белгісіз себептермен үйлерін тастап кеткен, ал дастархандағы тағам сақталып қалған.

Бұл өтпелі кезең болды, бай адамдар қоршаған ортада жинақталған пластикті сіңіру үшін асқазанды өзгертетін операцияларға қаражат сала бастады, себебі экологиялық көріністер олардың арасында танымал болды. Зерттеушілердің пікірінше, органикалық тағам тұтыну – бұл адамның жалпыға бірдей құқығы екенін дәлелдейтін, сол уақыттағы жүйеге қарсы қозғалыс жүрген. Бірақ 2400 жылға дейін барлық адамдар ота жасатып, пластикалық тағамды өңдейтін асқазан алуға мүмкіндік алған.

Нарын, орындар

Нарын

Даңқты Нарын, қатерлі Нарын, немесе Нарын – біздің болашақ байлығымыз ба?

Қырғызстанның таулары көбінесе Орта Азияның ауылшаруашылық оазистерінің «су мұнарасы» деген атаумен белгілі. Бірақ, бұл биік тау аңғарының бірнеше жүз шақырымнан астам жерінде Нарын ағысы тік жартастар мен құламалар арасында терең алқап қалыптастырған.

Бұл шын мәнінде Нарын суының кішкене бөлігі ғана суаруға немесе ауызсу ретінде пайдалануға қол жетімді екендігін көрсетеді. Өзеннің айтарлықтай терең орналасуынан, кейде көзге көрінбейді.

Мұнда сан алуан халықтардың өмір сүргендігі, сондай-ақ Қытаймен белсенді жүргізілген сауда қарым-қатынасы туралы көптеген тарихи деректер болғанымен, Нарын өңірі көбінесе «дамымаған», сонымен бірге «шынайы қырғыз» аймағы ретінде қабылданады. Көшпелі мал шаруашылығының маусымдық көші-қон процесі 200 шақырымға дейін созылады және ол қазіргі заманның стандарттары бойынша ауқымды көші-қон санатына жатады. Бұл экономиканың негізін құрайды.

Holiday-fishing.jpg

Орталық Азияның кез-келген елдерінде секілді, отбасылар өздерінің бір мүшесін еңбекақысы тұрақты жұмысқа орналастыруға немесе оларды шетелге табыс табуға жіберуге тырысады. Жергілікті тұрғындар мал өсіруден басқа егін шаруашылығымен де айналысады: маңызды дақылдардың бірі картоп, әсіресе мал басы аз кедей отбасылар үшін өте маңызды. Нарын мал өсіретін аймақ ретінде танымал болғанымен, бұл аймақта Х ғасырда жүргізілген суғару жүйесінің қалдықтары кездеседі. Егінді суғару мәселесінде билер арасындағы жанжалдардың маңыздылығы соншалық, олар жүздеген жылдар бойы халықтың жадында сақталып қалған. Су пайдаланушылар қауымдастығы арқылы суды бөлудің қазіргі тәжірибесі жиі сынға алынады. Көптеген фермерлер оларды бюрократияның қажетсіз және қымбат деңгейі деп санайды.

Жергілікті тұрғындар Нарын өңірін сипаттағанда, әдетте, сары майы мен етімен танымал Сонкөл сияқты биік таулар мен жайылымдарды айтады.

Нарын өзенінің өзі әдемі немесе құнды нәрсе ретінде сирек айтылады. Кейде адамдар «су – біздің алтынымыз» деп мақтанышпен мәлімдейді және су бөгетінің жоқтығынан бұл байлығымыз босқа сарқылып жатқанын айтып ренжиді. Нарындықтардың көпшілігі өзен бойына тізбектелген су қоймаларын салуды қолдайтын еді, себебі, қатал қыс пен электр қуатының жиі үзілуі халық өміріне қиындық тудыруда. Алайда, 2016 жылдан бері Жоғарғы Нарын ГЭС каскадын салу жөніндегі орыс-қырғыз жобасы тараптардың өзара айыптауларына байланысты тоқтап тұр. Тянь-Шаньдағы мұздықтар климаттың өзгеруіне байланысты тез еріп жатыр. Осыған байланысты ел көкейінде жүрген «жаңа бөгеттер шынымен арзан электр қуатын бере ала ма?» деген сұрақтың әлі шешімі табылмады. Сондай-ақ, бөгеттер белсенді сейсмикалық аймақта талап етілетін жоғары қауіпсіздік стандарттарға сәйкес салына ма, жоқ па?» деген алаңдаушылық бар.

NarynFlooding.jpg

Балық

Балықтардың көптігіне қарамастан, бұл Сырдария бойындағы халықтармен салыстырғанда, Нарынның жергілікті тұрғындары үшін маңызды тамақ өнімі емес. Нарын тұрғындары балықтардың бір кездері «су құрттары» деп аталып, тек аштық кезеңінде тамақ саналғанын еске түсіреді. Балық аулау – бұл көпірлердің астына жасырынған құбыжық балықтар туралы қызықты оқиғаларды ұнататын ер балалар мен ересектердің хоббиі.

Нарын қаласында өзеннің қуатты ағыны екі метрлік тосқауылдар арасынан ағып өтеді, сол себепті тек бірнеше жерде ғана аяғыңызды өзенге батыруға болады. Жылдам қозғалатын су көбіне адам өмірін алып жатады, осыған байланысты Нарын «қанды өзен» деп аталып кеткен. Сондықтан қала тұрғындары көбінесе өзенге назар аудармайды. Өзен бойында Орталық Азияның басқа қалаларында сияқты, мысалы, Худжандта (сілтеме), салқын жағалауы жоқ. Өзенге жақын орналасқан үйлердің терезелері күркіреген судан аулақ болу үшін көшелерге қаратылған. Алқаптағы ауылдар таудың баурайында орналасқан, үйлер өзенге қаратылып, бірақ одан алыстау жерге салынады. Әдетте бұл қаланы және басқа ауылдарды өзеннің кері әсерінен қорғайды. Алайда, 2016 жылы бүкіл бақылаулар тарихындағы ең мықты құрғақшылықтан кейіңгі, рекордтық деңгейдегі ең ылғалды жыл болды. Жауын-шашынның көп мөлшері мен қардың еруі жолдарды да, көпірлерді де шайып жіберді. Жергілікті тұрғындар айтқандай, жолдар мен көпірлерді «өзен жұтып қойды». Сондықтан су ресурстарына бай өзен кейде жергілікті тұрғындарды кедейлендіруі мүмкін.

Көпірлер

Қазір, Нарын-Сырдария өзендері бойында салынған көпірлер «көрнекті» ғимараттар қатарына жатпайды. Бұл Сан-Францисконың Алтын қақпасы немесе өзге де әйгілі көпірлерге ұқсас емес.

Олар ешқандай идеологиялық функцияларды орындамайды, туристік көрнекіліктер ретінде де пайдаланылмайды. Негізінен бұл көпірлер инфрақұрылым нысандары ретінде пайдалану үшін салынған. Дегенмен, Нарынның басты көпірінің астында үлкен құбыжық балықтар тіршілік етеді деген қауесет бар. Бетон көпірдің жанында тақтайлар мен темір арқандардан тұратын аспалы немесе «шайтан көпірі» орналасқан. Тақтайлар мен темір арқандар көпірді Нарынның дауылды толқындарынан қорғап тұрады және бұл көпірдің үстімен дорбалары бар әйелдер өтеді.

Көпірлер адамдарды өзеннен тәуелсіз етіп, одан қауіпсіз өтуін қамтамасыз етеді. Өзеннен өтудің қаншама сәтсіз әрекеті, көпір салынбай тұрып қаншама жанның суға кетуі, қаншама бас ірі қара мен жарма қаптары жоғалғанын қазір тек болжай аламыз. Көпір салудың маңызыдылығы соншалық, оның атауына сол көпірдің құрылысын қаржыландырған немесе оған бастамашы болған адамдардың аты берілген. Көпірлердің де қирап жатқанына қарамастан, жер мен жолды су «жұтады» деген пікірлер жиі айтылады.

Нарын облысындағы Ақ-Сай өзені арқылы өтетін бұл шалғай көпір бірнеше жыл бұрын бұзылған. Осыған байланысты жергілікті тұрғындар үшін маңызды ыстық бұлақ пен қасиетті орыннан (мазардан) ажыратылған.