Бәйтерек, 2019 жыл

Айбек Самаков, Зуля Есентаева, Нарынбек Қазыбеков, Динара Қаныбек кызы

Инсталляция

Қамыстың қалың бұталары Сырдария өзеннің атырабында, каналдар мен суару арналарында да кездеседі. Қамыс – жергілікті халықтың экономикалық жағдайында және шаруалығында да маңызды рөл атқарады. Жергілікті диалектте «пішен» деп аталатын жазғы қамыс малға жем ретінде қолданылады. Ал «Пашын» немесе «Шом» деп аталатын қысқы қамысты құрылыста қолданады. Үйлердің қабырғалары пашынмен толтырылады, ал тығыз қатарға салынған пашын байламдары керемет қоршау ретінде қызмет етеді. 

Қазіргі уақытта қысқы қамысты «ескі» немесе «заманауи емес» құрылыс материалы ретінде қабылдайтындар саны артуда. Мысалы, пашынмен тұрғызылған үйлерді банктер несиеге кепілдікке алмайды. Көпшілігі үйді күйдірілген кірпіштен және қоршауларды металл материалдармен тұрғыза бастаған. Мұндай өзгерістер «даму процесі» ретінде қабылданады, дегенмен дамыған елдерде экологиялық таза материалдардан салынған үйлер (мысалы, қамыс сияқты), кірпіштен немесе металл материалдардан салынған үйлермен салыстырғанда бағалы саналады. Біз, қамыстың бумасынан тәуелсіз Қазақстанның дамуының нышандарының символы болып табылатын «Байтерек» жасай отырып, қамыс құрылыс материалы болашақта лайық бағаланады деген ойды жеткізуге тырыстық.

baiterekup-1024x682-1.jpg