Category Archives: Шығу тегі 2019

Альтернатива, Нарын, Шығу тегі 2019

2350 жылы Нарындағы кешкі ас, 2019 жыл

Жанн Фео де ла Крoа, Динара Каныбек кызы, Айдай Максатбекова, Дениз Назарова, Зулайка Эсентаева

Инсталляция (Кешкі астың қайта жасалған фотосуреті)

2548 жыл. Археология ғылымының докторлары Айдай Максатбекова, Жанн Фео де ла Круа, Дениз Назарова, Динара Каныбек кызы и Зуля Эсентаева сенсациялық жаңалық тапты.

Олар ежелгі Нарыннан 2350 жылмен мерзімделетін пластикалық ғасырдың жәдігерлерін тапты. Ғалымдардың пікірінше бұл жәдігерлер ата-бабаларымыз тұтынған пластикалық тағамның қалдықтарынан тұрады. Адамдар белгісіз себептермен үйлерін тастап кеткен, ал дастархандағы тағам сақталып қалған.

Бұл өтпелі кезең болды, бай адамдар қоршаған ортада жинақталған пластикті сіңіру үшін асқазанды өзгертетін операцияларға қаражат сала бастады, себебі экологиялық көріністер олардың арасында танымал болды. Зерттеушілердің пікірінше, органикалық тағам тұтыну – бұл адамның жалпыға бірдей құқығы екенін дәлелдейтін, сол уақыттағы жүйеге қарсы қозғалыс жүрген. Бірақ 2400 жылға дейін барлық адамдар ота жасатып, пластикалық тағамды өңдейтін асқазан алуға мүмкіндік алған.

Табиат, Шығу тегі 2019

Виртуалды су, 2016 ж

(Тома Сербан Пейу, Элис Хилл)

Бейне

 Бұл анимация «виртуалды су» арқылы Арал теңізі бассейнінен шыққан судың бейнесін көрсетеді. Виртулды су экспортталған тауарларда қолданылады – 1960-2016 жж. Авторлар анимация үшін мақтаға баса назар аударды, себебі бұл дүниежүзілік экспортталатын өнім. Сонымен, анимациядағы «лазерлердің» әрқайсысы экспортталған мақтаны өсіру үшін алынған судың нәтижесінде бассейннен кететін 1 текше шақырым суды құрайтынын көрсетеді. Ондағы мақсат – судың «көші-қонуын» қадағалау арқылы адамның көші-қону коэффициент көрсеткішіне әсер етуін білу.

Continue reading
Адам, Фергана, Шығу тегі 2019

«Мираб» фильмі – 2019

Орта Азия аймағында іс жүзінде жоғалып кеткен ежелгі суарушы кәсібі туралы баяндайды. Қазіргі өмірдегі мирабтың ең жақын аналогы муниципалдық қызмет қызметкерлері арасында кездеседі. Ежелгі заманнан бері Мирабтар суару жүйесімен айналысқан – олар суармалы арықтар арқылы суармалы су жіберіп, сол арқылы көгалдандыру мен ауылдың салқын болуын қамтамасыз етті.

Continue reading
Табиат, Шығу тегі 2019

«Танаис және Тал»

Су ханшайымы Танаис пен оның Талға деген сүйіспеншілігі – судың жағасында өсетін сырға тал.  Танаис оянып, сүйіктісі Талды әдеттегі орнынан таба алмай, оны іздей бастайды, ол ұзақ қашықтыққа ағып кетеді, күрішін суару үшін оны пайдаланғысы келетін адамдармен ұрысады, достарымен, қамыстармен кездеседі, ақырында Танаиске кішкентай қыз кездеседі, ол оған ағаштар жүрмейтінін айтады…Жүрегі жараланған Танаиске не болады?

Continue reading
Табиат, Шығу тегі 2019

Арал теңізі мен Нарын өзенінің әңгімелері, 2018 ж

Питер Кусак

Аудио

Көрмеге қойылған аудиожазбалар «Арал теңізі мен Нарын өзенінің хикаялары» жобасының бір бөлігі болып табылады. Жоба 1960 – 2018 жылдар аралығында үлкен уақыт кезеңін зерттейді. Бұл Арал теңізі біртіндеп жойылып, жартылай қалпына келе бастаған кезең. Нарын өзені Арал су ресурсының негізгі көздерінің бірі болғандықтан, бұл тарих үшін де маңызды. Питер Кузактың жобасы осы екі аймақта өзен, теңіз және қоршаған орта тудыратын судың таңғажайып алуан түрлілігіне бағытталған.

Ол сұрақ қояды: «Осы дыбыстарды тыңдау арқылы суды пайдалану мен теріс пайдалану туралы не білуге ​​болады?». және әңгімелер мен ұсынылған кеңестерге сүйенеді.

Tastubek, the Aral Sea, Kazakhstan.

Aral Sea Thunder (12:21) – camels, skipping, vital rain, village life
in the storm, May 19, 2013

Continue reading
Альтернатива, Шығу тегі 2019

Бәйтерек, 2019 жыл

Айбек Самаков, Зуля Есентаева, Нарынбек Қазыбеков, Динара Қаныбек кызы

Инсталляция

Қамыстың қалың бұталары Сырдария өзеннің атырабында, каналдар мен суару арналарында да кездеседі. Қамыс – жергілікті халықтың экономикалық жағдайында және шаруалығында да маңызды рөл атқарады. Жергілікті диалектте «пішен» деп аталатын жазғы қамыс малға жем ретінде қолданылады. Ал «Пашын» немесе «Шом» деп аталатын қысқы қамысты құрылыста қолданады. Үйлердің қабырғалары пашынмен толтырылады, ал тығыз қатарға салынған пашын байламдары керемет қоршау ретінде қызмет етеді. 

Қазіргі уақытта қысқы қамысты «ескі» немесе «заманауи емес» құрылыс материалы ретінде қабылдайтындар саны артуда. Мысалы, пашынмен тұрғызылған үйлерді банктер несиеге кепілдікке алмайды. Көпшілігі үйді күйдірілген кірпіштен және қоршауларды металл материалдармен тұрғыза бастаған. Мұндай өзгерістер «даму процесі» ретінде қабылданады, дегенмен дамыған елдерде экологиялық таза материалдардан салынған үйлер (мысалы, қамыс сияқты), кірпіштен немесе металл материалдардан салынған үйлермен салыстырғанда бағалы саналады. Біз, қамыстың бумасынан тәуелсіз Қазақстанның дамуының нышандарының символы болып табылатын «Байтерек» жасай отырып, қамыс құрылыс материалы болашақта лайық бағаланады деген ойды жеткізуге тырыстық.

baiterekup-1024x682-1.jpg
Табиат, Шығу тегі 2019

Көпірлердің айтылмаған тарихы, 2019

Жанн Фео де ла Круа, Дениз Назарова, Чолпон Жуманалиева, Айдар Жумабаев

Фотосуреттер

Көпірлер – сиқырдың кішкене бөліктері. Олар әрқашан мақсатты түрде салынады немесе жойылады. Көпірлер бір уақытта екі бағытты көрсететін жебелерге ұқсайды. Бірақ олар қамқорлықты қажет етеді және адамдар олармен әртүрлі тәсілдермен байланысады: көпірлерде сауда жүргізеді, серуендейді, көпірлер адамдардың жанұя болу процесіне куәгер болады. Нарын-Сырдария бойындағы көпірлердің салынуы мен қирауы өзеннің екі жағалауындағы халықтың қарым-қатынастарына әсер етеді. Әр көпірдің өзіндік тарихы бар.

Тоқтағұл аудан орталығы маңайындағы аспалы көпір құрылысы, 1960 жыл.

Құрылыс аяқталғаннан кейін көп ұзамай бұл көпірді Тоқтағұл су қоймасы басып қалды.

Қырғызстан Республикасының Орталық мемлекеттік кино-фотоқұжаттар мұрағаты

Көпір, 1944 жыл.

Бұл понтондық көпір Бекабад қаласына (Өзбекстан Республикасы) жақын орналасқан Фархад бөгетінің құрылысы кезінде қызмет етті.

Өзбекстан Республикасының Орталық мемлекеттік кино-фотоқұжаттар мұрағаты

Казарман ауылы маңайындағы Нарын өзені арқылы өтетін жаңа көпір, 1984 жыл. Қырғыз Республикасының Орталық мемлекеттік кино-фотоқұжаттар мұрағаты

Сырдария өзеніндегі паром, 2017 жыл (авторы Адхам Аширов).

Паром арқылы адамдар аралдағы егістіктеріне жетеді (Гулдинов ауылы, Наманған облысы, Өзбекстан Республикасы). 2016 жылғы паромның бағасы: жаяу жүргіншілерге – 700 сом (0,08 АҚШ доллары), жеңіл автокөлік – 3000 сом, жүк көлігі – 12000 сом. 

Бұл понтондық көпір Тәжікстандағы тарихи Ходжент қаласына жақын жерде, Сырдария бойындағы Қайрақұм бөгетін құрудың алғашқы қадамдарының бірі болды.

Нарын өзені бойындағы аспалы көпір

Көпірлер – берік қатынастар орнатуға, соның ішінде жеке тұлғалардың да, мемлекеттердің де жүргізетін шекаралық бақылау мен салықтық қатынастарды орнатуға ықпал етеді. Қырғыз Республикасының Орталық мемлекеттік кино-фотоқұжаттар мұрағаты

Автокөлік көпірі, 2017 жыл.

Ферғана алқабындағы Сырдария арқылы өтетін автокөлік көпірі ежелгі Ақсықан қаласының маңындағы мал шаруашылығы және ауылшаруашылығымен айналысатын аудандарды (Наманған облысы, Өзбекстан Республикасы) байланыстырады. Дегенмен, көпірлер адамдар арасында әрдайым байланыс орната бермейді: оларды күтуге жұмсалған жұмыс көбіне көрінбей қалады.

Ат-Башы өзеніндегі көпір, 1937 жыл.

Көптеген тау жайылымдарына көпір арқылы ғана баруға болады; егер көпір бұзылса, оның арғы жағындағы жайылымдар пайдаланылмай қалуы мүмкін. Қырғыз Республикасының Орталық мемлекеттік кино-фотоқұжаттар мұрағаты

9. Нарын қаласының панорамасы, 1968 жыл.

Нарында заманауи көпір салынбастан бұрын, бұл жер ұзақ уақыт Торығарт асуы арқылы Қытаймен сауда-саттықты бақылау пункті болған және бұл жерде патша гарнизоны орналасқан.

Қырғыз Республикасының Орталық мемлекеттік кино-фотоқұжаттар мұрағаты

10. Тасаттық – Алтай каналындағы құрбандық шалу рәсімі, 2019 жыл

Айбек Самаков

Тасаттық – бұл Сырдарияның төменгі ағысында орналасқан (Қазақстан бөлігінде) ауыл тұрғындарының әр көктемде жүргізетін ұжымдық құрбандық шалу рәсімі. Мұнда адамдар ыңғайлы орын ретінде канал көпірін таңдаған. Бұл рәсім келесідей өтеді: судың мол болуын сұрап дұға еткеннен кейін сиыр (қой, жылқы, түйе малдары да сойылуы мүмкін) сойылады. Жануардың қаны өзен суымен араласуы керек. Жергілікті халық арасында өзеннің тынышталуына байланысты кейбір элементтері бар – халық адамдардың суға кетпеуін сұрайды, бірақ бұл элементтерді үстемдік ететін ислам дискурсы мақұлдамайды.

11. «Жоғалғаннан кейін жоқтың қадірін түсінесің». Базар-Қорған және Советское ауылдары (Базар-қорған ауданы) арасындағы апатты жағдайда тұрған көпірдің жалпы көрінісі, 1987 жыл. Қырғыз Республикасының Орталық мемлекеттік кино-фотоқұжаттар мұрағаты

12. Көпір, 2016 жыл.

Гүлзат Баялиева

Көпір Қызылжар (Қырғызстан) мен Үш-Қорған (Өзбекстан) ауылдарын байланыстыру үшін тұрғызылған. 2000 жылы Өзбекстан Республикасының билігі Баткен оқиғаларына және Өзбекстан Ислам қозғалысының белсенділігіне байланысты көпірді бөлшектеу туралы шешім қабылдады. Көпір әлі жұмыс істемейді, бірақ халық арасында көпірді қайта құру туралы әңгімелер тараған.

«Ленинабадқа 2500 жыл» 

Ежелгі Ходжент қаласы Сырдарияның сол жағалауында орналасқан, ал өзеннің оң жағалауы өмірге жарамсыз болып саналды. 1939 жылы Ходжентті дамытудың алғашқы «Бас жоспары» жасалды, онда жас сәулетші оң жағалауды дамытуды ұсынады. 1960 жылдары қала екі көпір арқылы Сырдарияның оң жағалауына қадам басты. Оң жағалауда жаңа шағын аудандар мен заманауи қалалық инфрақұрылымдар пайда болды. Жергілікті тұрғындардың көзқарастарында оң және сол жағалау әлі де өзгеше – сол жағалау тұрғындары өздерін ежелгі адамдар, ал оң жағалаудағы жаңа қоныстанушылар деп санайды. Адамдардың орналасуы жағдайы болашақ жұбайларын таңдауда да әсер етеді.

Дереккөз: Г.С. Верховский, Е.Д. Ротенштейн, Г.Х. Хайдаров, С.Ш. Марофиев. Ленин түні. Ифрон, Душанбе, 1986 жыл.

Шығу тегі 2019

Бірігу, 2019 жыл

Дениз Назарова
Визуалды күнделік
«Бірігу» тақырыбы Нарын-Сырдарияның әлеуметтік өмірін зерттеуден шабыт алған жобаның қалай пайда болғаны туралы айтады. Ғылыми жұмыстарының нәтижелерін көрме түрінде бөлісу мақсатында зерттеушілер суретшілермен бірігіп, Нарын өзеніне сапарға аттанды. 10 күндік сапар барысында біз бір-бірімізбен таныстық, ішкі қиялымыздарымыздың шекарасын кеңейттік. Нарын өзенін этнографиялық тұрғыдан қарастыра алдық және көптеген басқа оқиғаларды бастан өткеріп, олардың ең қызықты сәттері аталмыш күнделікте беріліп отыр.

Альтернатива, Ходженд, Шығу тегі 2019

Бөгде адамдарға кіруге тыйым салынған, 2019 жыл

Мохира Суяркулова, Назик Абылгазиева, Алтын Капалова, Оксана Капишникова, Айдай Максатбекова, Лия Созашвили, Ольга Щетинина, Зуля Эсентаева
Коллаждар

Мохира Суяркулованың пікірінше Ходжендтегі қалалық демалыс жағалауында және Қайраққұм су қоймасында орналасқан «жабайы» жағалауда (қазір уақытта, «Тәжік теңізі» атауымен белгілі), Сырдың жағасында орналасқан шайханаларда нарды ойнап отырған, балық аулап немесе жүзіп жүрген ер адамдар әйел адамдармен салыстырғанда «дұрыс» қылықты көрсетпейді.

Мохираны таңқалдырғаны, демалыс жағалуында ер адамдар тек іш киіммен жүруге қысылмайды, ал әйел адамдар болса толықтай киініп жүреді. Олар (әйелдер) жүзуді білмейді. Мохира жағалау киімін киюге ұялып, сыртқы киіммен жүзуге тырысып көрді. Сырт киім суланып, жүзуге кедергі келтірді. Әрине, әйел адамдардың жүзе алмайтыны таңқаларлық жағдай емес!


Тарихи тұрғыда суда жүзе білу немесе жузе білмеу қоғамдағы теңсіздікті көрсетеді. Көбіне әйел адамдардың ер адамдар пайдалана алатын өзен немесе өзге де суға байланысты ресурстар мен дағдыларға қолжетімділігі жоқ. Қолжетімділіктің болмауы және жүзуді білмеу әйелдер үшін жағымсыз салдарға әкелуі мүмкін.
Жалпы айтқанда, Ходжендте әйелдер өзенде жеке қалса батып кетері сөзсіз. Соғды облысында суицид жағдайы ер адамдармен салыстырғанда әйел адамдардың арасында басымдырақ. Суицидтің негізгі себебі – қыздар мен әйелдерге қатысты зорлықтың көп болуында. Аталмыш коллаждардың бұл сериясы зерттеушінің жеке далалық байқауларының негізінде «Су сиқыршылары» тобымен жасалды.

Адам, Шамалды Сай, Шығу тегі 2019

Толқында, 2019 жыл

Гульзат Баялиева, Динара Каныбек кызы, Оксана Капишникова, Айдар Жумабаев, Дениз Назарова
Инсталляция, коллаж

«Толқында» жұмысы Шамалды-Сай мен Мәскеу қалалары арасында жүріп жатқан түрлі толқындарды циклдік құрылымда ұсынады. Бұл екі алыс қала біздің заманымыздың үлкен жобаларымен байланысып жатыр. Шамалды-Сай ауылы 1956 жылы Үш-Қорған су электр станциясын (Нарын өзенінің «тұңғышы») салу нәтижесінде пайда болды. 1914 жылдан бастап бұл аймаққа алғашқы зерттеушілер келді.

Ал 1956 жылдан бастап Ресейден, атап айтқанда Мәскеуден ауылды, зауыттарды және Үш-Қорған су электр станциясын тұрғызуға жұмысшы күш жіберілді. Келесі толқын ретінде Мәскеудің Шамалды-Сайды тапшы және импортталған тауарлармен қамтамасыз етуін қарастыруға болады – 1970 жылдар оның алтын кезеңіне айналды. Кеңес жүйесі құлағаннан кейін ауылдың экономикалық жүйесі құлдырады. Ауылдың өркендеуінің және ондағы еңбек қызметінің негізгі тірегі болып табылатын зауыттар жабылды.


Бұл жағдайлардан кейін жергілікті тұрғындар экономикалық бейімделу үшін әртүрлі қызмет түрлерімен айналысып көрді: нарықтық сауда, ауыл шаруашылығы, еңбек көші-қоны (негізінен Мәскеуге). Мәскеу Шамалды-Сай ауылының жаңа өміріне де қатысты, себебі Мәскеуде жүрген еңбек мигранттары тапқан ақшаларын үйіне Шамалды-Сайға жібереді.

Дереккөздер:
Мұрағаттық фотоқұжаттар: Қырғызстан Республикасының орталық кино-фотоқұжаттар мұрағаты, Өзбекстан Республикасының кино-фотоқұжаттар орталық мұрағаты, Үш-Қорған су электр станциясының музейі (Шамалды-Сай, Қырғызстан), Шамалды-Сай ауылының отбасылық альбомдары.
Мерзімді басылымдар: А. Осмонова атындағы Қырғызстан Республикасының Ұлттық кітапханасы: Советская Киргизия 1 апреля, 1962 #78 (10158); Советская Киргизия 1 ноября, 1962 #259 (10339); «Ленин жолу», 09.01.1962
Қазіргі уақыт: Авторлық суреттер, «Одноклассники» әлеуметтік желісінде «НарынГЭС – Шамалды-Сай» онлайн платформасындағы авторлық фотосуреттер; «Одноклассники» әлеуметтік желісіндегі АБВГ АБВГ белсенді қолданушының фотосуреттері.

p4-1024x781-1.jpg