Толқында, 2019 жыл

Гульзат Баялиева, Динара Каныбек кызы, Оксана Капишникова, Айдар Жумабаев, Дениз Назарова
Инсталляция, коллаж

«Толқында» жұмысы Шамалды-Сай мен Мәскеу қалалары арасында жүріп жатқан түрлі толқындарды циклдік құрылымда ұсынады. Бұл екі алыс қала біздің заманымыздың үлкен жобаларымен байланысып жатыр. Шамалды-Сай ауылы 1956 жылы Үш-Қорған су электр станциясын (Нарын өзенінің «тұңғышы») салу нәтижесінде пайда болды. 1914 жылдан бастап бұл аймаққа алғашқы зерттеушілер келді.

Ал 1956 жылдан бастап Ресейден, атап айтқанда Мәскеуден ауылды, зауыттарды және Үш-Қорған су электр станциясын тұрғызуға жұмысшы күш жіберілді. Келесі толқын ретінде Мәскеудің Шамалды-Сайды тапшы және импортталған тауарлармен қамтамасыз етуін қарастыруға болады – 1970 жылдар оның алтын кезеңіне айналды. Кеңес жүйесі құлағаннан кейін ауылдың экономикалық жүйесі құлдырады. Ауылдың өркендеуінің және ондағы еңбек қызметінің негізгі тірегі болып табылатын зауыттар жабылды.


Бұл жағдайлардан кейін жергілікті тұрғындар экономикалық бейімделу үшін әртүрлі қызмет түрлерімен айналысып көрді: нарықтық сауда, ауыл шаруашылығы, еңбек көші-қоны (негізінен Мәскеуге). Мәскеу Шамалды-Сай ауылының жаңа өміріне де қатысты, себебі Мәскеуде жүрген еңбек мигранттары тапқан ақшаларын үйіне Шамалды-Сайға жібереді.

Дереккөздер:
Мұрағаттық фотоқұжаттар: Қырғызстан Республикасының орталық кино-фотоқұжаттар мұрағаты, Өзбекстан Республикасының кино-фотоқұжаттар орталық мұрағаты, Үш-Қорған су электр станциясының музейі (Шамалды-Сай, Қырғызстан), Шамалды-Сай ауылының отбасылық альбомдары.
Мерзімді басылымдар: А. Осмонова атындағы Қырғызстан Республикасының Ұлттық кітапханасы: Советская Киргизия 1 апреля, 1962 #78 (10158); Советская Киргизия 1 ноября, 1962 #259 (10339); «Ленин жолу», 09.01.1962
Қазіргі уақыт: Авторлық суреттер, «Одноклассники» әлеуметтік желісінде «НарынГЭС – Шамалды-Сай» онлайн платформасындағы авторлық фотосуреттер; «Одноклассники» әлеуметтік желісіндегі АБВГ АБВГ белсенді қолданушының фотосуреттері.

p4-1024x781-1.jpg